Шахмат олимпиадасында қазақстандықтар жеңісті жолын жалғастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы үшінші раундта жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан әйелдер құрамасы бұл жолы Перу құрамасын 3:1 есебімен сүріндірді.

Олардың қатарынан Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Назерке Нұрғали қарсыласына есе жіберіп қойды.

Бұл - қыздардың қатарынан үшінші жеңісі. Бұдан бұрын олар Гватемаланы 4:0, Бельгияны 3:1 есебімен жеңген.

Ал Перу құрамасы Барбадос пен Албаниядан 4:0 есебімен басым түскен еді.

Еліміздің ерлер құрамасы Ливанды 4:0 есебімен тізе бүктіріп, екінші жеңісіне қол жеткізді.

Олар бұған дейін Қытай Тайбейін 3-1 есебімен жеңіп, екінші кездесуінде Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберіп қойды.

Ливандық шахматшылар алғашқы ойында Норвегиядан 0,5:3,5 есебімен жеңілсе, одан кейін 4:0 есебімен Гуамның осал тұсын тапты.

Шахмат Олимпиадасы 28 шілде-10 тамыз аралығында өткізіледі. Оған әлемнің 186 мемлекетінен 1736 спортшы келген.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар