Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы кезекті жеңіске жетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы алтыншы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді.Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті. Ал, Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды.

Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді.

Ал, әйелдер құрамасы алтыншы турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп , Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.



Соңғы жаңалықтар