Шахмат олимпиадасы: ҚР ерлер құрамасы 5 орынға көтеріліп, қыздар «үштіктен» кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы рейтингіде төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат турнирдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның шахматшы қыздары қазіргі уақытта Олимпиада рейтингінің 8-інші позициясында тұр. Бұған дейін ел құрамасы Үндістаннан 0,5-3,5 есебімен жеңілген еді. Аталған матч алдында Қазақстан – үшінші, Үндістан екінші орында болды. Үндістан командасы ҚР құрамасын жеңгеннен кейін рейтингіде көш бастады. Айта кетейік, бұл шахматшы қыздарымыз үшін турнирдегі екінші жеңіліс. Бұған дейін олар Әзербайжанға 1:3 есебімен есе жіберді. Соңғы – 11-матчта Қазақстан Үндістанмен шеберлік байқасады.

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы бүгін Хорватияны 3:1 есебімен сүріндірді. Бұл жеңістен кейін қазақстандықтар рейтингіде 25-інші орыннан 20-позицияға көтерілді. Соңғы – 11-турда еліміз командасы Үндістанмен ойнайды. Әзірге турнир кестесіндегі көшбасшы – Өзбекстан.




Соңғы жаңалықтар