+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Шахмат: 5 жасында Қазақстан чемпионы атанды

2020 жылғы 19 қаңтар 09:53
Бөлісіңіз:
Шахмат: 5 жасында Қазақстан чемпионы атанды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алматыда 18 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан өткен Қазақстан чемпионатында 6 жасқа дейінгі топта павлодарлық Эльсид Эльмурзиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Оңтүстік Кореядан тағы бір лицензиялық жарыс өзге елге ауыстырылды Чемпиондар лигасы: «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды Алматыда фристайлдан Әлем кубогы кезеңдеріне волонтерлер тартылады

Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған. - Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты, - деді Арман Габдушев. – Бұл жастағы топта көптен бері біздің спортшылар жеңімпаз атанбаған еді. Басында Эльсид көш бастап келе жатып, қатарынан 2 рет жеңіліске ұшырады. Одан кейін өзін қолына алып, 2 ойында ұтып, 1-орынға қол жеткізді. Бұлай ерекше өнер көрсетеді деп күтпеген едік. Сонымен қатар, аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта тағы бір павлодарлық Ахмет Сулейман 3-орынды иеленді. - 8 жасқа дейінгі топта 6 жастағылардан қарағанда көп қатысушы болады, - деді аға бапкер. – Сәйкесінше, бәсекелестік жоғары. Сулейманның 3-орын алуы - өте жақсы нәтиже.

Айта кетейік, шахматтан 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 872 спортшы бақ сынады. Павлодар облысынан 37 жас шахматшы қатысты.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT