Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдариясы» қырғыз тілінде сөйледі

2019 жылғы 16 қаңтар 04:40 695
Бөлісіңіз:
Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдариясы» қырғыз тілінде сөйледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық ақын Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдария» атты жыр жинағы қырғыз тілінде басылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жыр жинағы 1 мың дана таралыммен оқырман қолына тиді. Оны Бақтыгүл Чотурова мен Карбалас Бакиров тәржімалаған.

Автордың айтуынша, аталмыш шығарма қазіргі таңда татар тіліне де аударылып жатыр. Ақынның шығармалары бұдан бұрын да қырғыз тілінде екі мәрте жарық көрген.

Шәкизада Әбдікәрімов 1956 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1981 жылдан бері журналистика саласында қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда Қызылорда қоғамдық теледидарының құрылтайшысы қызметін атқарады. 

Шәкизада Әбдікәрімов жас шағынан поэзия әлемінде өз өрнегін салып келеді. Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас таланттардың жырлары жинақталған «Көктем тынысы» кітабына енген. Бүгінге дейін бірқатар туындысын оқырманға ұсынды, олардың арасында «Байқоңыр», «Алтын қазық», «Гладиатор», «Сүлейдария» жыр кітаптары бар. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT