Шахандағы опырылған тұрғын үйдің астынан 9 адамның мәйіті шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінде опырылған көп қабатты тұрғын үйдің үйінділері аршылып жатыр. Қазір үйінді астынан көз жұмған 9 адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Қазіргі уақытта үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы, екіншісі 2010 жылғы»,- деп мәлім етті Иманқұлов.
Үйінділерді тазартуға 280 адам жұмылдырылған , олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлімінің ауыр техникасы және жеке кәсіпкерлер бар.Бұған дейін хабарланғандай Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлау оқиғасына қатысты Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі ашылды: 8 (72156) 3-24-17.
Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған . Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды . Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды.

Соңғы жаңалықтар