Шаханда қираған үйдің қазандығы заңсыз орнатылған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Шахандағы тұрғын үйді қиратқан қазандық заңсыз орнатылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
«Мен бір нәрсе ғана айта аламын, талап бойынша ол жерде қазандық болмауы тиіс. Құрылыс нормалары бар және онда тұрғын үйдегі қазандық қарастырылмаған», - деді Қазақстан қайта құру және даму көпсалалы институтының директоры (ҚазҚДКИ) Жұмағұл Нугужинов журналистерге берген сұхбатында.

«Қазандықтың немесе басқа бір заттың жарылғанын тергеу органдары мен құзіретті тұлғалар анықтайды. Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бір білерім, құрылымның зақымданғанына қарап жарылыстың болғанын айта аламын және ол жоғарыда емес, төменде болған. Себебі, бірінші қабаттағы баспалдақ көтерілген (...) Ол жерде мүмкін қазандық, мүмкін газ жарылды...», - деп айтты ол, қазандық немесе газ баллоны жарылғанын сұраған журналистерге.

null 

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарының құны әлі есептелмеген.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минутта Қарағанды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесіне Шахан кентіндегі көп қабатты үйдің жартысы қирағаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар қираған үйіндінің астынан қаза болған 9 адамның, соның ішінде үш ер кісі, үш әйел адам, үш баланың мәйітін шығарды. Шахандағы ТЖ себебін ведомствоаралық комиссия анықтауда. Алдын ала деректер бойынша, төтенше жағдай автоматты жылыту жүйесінің ақауынан болған. 

Соңғы жаңалықтар