Шахан тұрғындары Мәжілістен кентте жылу қазандығын салуды сұрады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазандықтың жарылуы салдарынан апат болған Қарағанды облысындағы Шахан кентінің тұрғындары биліктен жылыту қазандығы құрылысының мәселесін тезірек шешуді сұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осындай мәселені шахандықтар қаза тапқандардың жерлеу рәсімінде көтерді. Белсенділер көңіл айтып келген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке кенттегі қазандықты тезірек салуды өтінді.

null   

«Халықтың қанша екенін көріп тұрсыз ғой, тезірек қазандық салып беріңіздер! Қазандық болғанда, осынша адам көз жұмбас еді», - деп мәлімдеді зейнеткер Галина Столярова.

Тұрғындардың айтуынша, Шаханда бұрын да жылу қазандығы салдарынан апаттар болған. Тұрғындар Мәжіліс депутаты мен Шахтинск әкіміне өтініш жасады.

«Бұл апат тоғыз адамның, соның ішінде үш баланың өмірін жалмады. Әрбір шахандық орны толмас қайғыға душар болды. Егер Шаханда жобалық-сметалық құжаты сараптамадан өткен қазандық салынғанда, бұл жағдайдың алдын алуға болар еді. Қазандықтың құрылысы 2013 жылы жоспарланған, алайды бюджет тапшылығынан кейінге қалдырылып келеді. Бұл мәселені үкіметтік деңгейде шешулерін талап етеміз», - делінген айтылады үндеуде.
Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды.
Үйінділерді тазартуға 280 адам жұмылдырылған , олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлімінің ауыр техникасы және жеке кәсіпкерлер бар.
Бұл көпқабатты үйде 118 тұрғын мекендеген, ал ТЖ орын алған кезде құлаған бөлікте шамамен 30 адам болған. 
Бұған дейін хабарланғандай, үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы, екіншісі 2010 жылғы.

null
Шахан кентінде қираған тұрғын үйге қатысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3 тармағы (Адам өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды .
Қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі 3-7 қаңтар арылығында өтеді деп жарияланды. Сондай-ақ әкімдік жерлеу мен ас беру рәсімдеріне қажетті шығындарды өтейтіндігі де мәлім болды. Бұған қоса билік өкілдері құрбан болғандар мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсететін болады.  

Соңғы жаңалықтар