Шахан кентіндегі тұрғын үй апатына қатысты шұғыл желі ашылды - Қарағанды облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлау оқиғасына қатысты Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі ашылды:  8 (72156) 3-24-17. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлайды.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды. Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын.  Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды.

Соңғы жаңалықтар