Шағын және орта бизнестің ахуалы қандай болса, халықтың жағдайы сондай – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шағын және орта бизнесте ахуал қандай болса, халықтың жағдайы сондай. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басты мақсатымыз - коронавирус пандемиясы мен оның салдарын жою. Бұған дейін сөз алғандар жұмыстағы оң нәтижелер туралы айтты. Сондықтан берген негізгі міндеттерге және жіберілген қателіктерді түзету үшін атқарылатын жұмыстарға тоқталамын. Бірінші - экономикалық белсенділікті қолдау. Пандемия мен карантин шектеулері, сауда қатынастарының бұзылуы елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. Көптеген ірі кәсіпорындардың көрсеткіші төмендеді. Әсіресе шағын және орта бизнес қатты зардап шегуде»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті былтыр дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылданғанын айтты.

«Оның ауқымы аса зор болғаны және жүйелі жүзеге асырылғаны баршаңызға белгілі. Бизнестің сұранысына ие болып отырған маңызды шаралар осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Шағын және орта бизнес халықтың үштен біріне жұмыс тауып беріп отыр. Бір сөзбен айтқанда, оның ахуалы қандай болса, халықтың да жағдайы сондай. Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуы тиіс. Үкіметке «Атамекен» ҮКП-мен бірлесіп, 1 айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар