Шағын және орта бизнесті тексеру жүйесі заң жүзінде оңтайландырылуы тиіс – Елбасы

None
None
АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Шағын және орта бизнесті тексеру жүйесі  заң жүзінде оңтайландырылуы тиіс. Бүгін төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іскерлік климаттың түбегейлі өзгеруі мен кәсіпкерлік белсенділік мәселесі одан сайын назар аударуды қажет етеді. Сондай-ақ жеке бәсекелестік, іскер бастаманы ынталандыру принциптері де біз үшін маңызды болып қалуы тиіс. Сонымен бір мезгілде нарықтық қадаммен мемлекеттік реттеудің оңтайлы балансын табу маңызды болып табылады. Бұл тұрғыда мемлекеттік тетіктер нарықтық қағидаттарды орындап, жүйелі түрде күшейтілуі тиіс. Бүгінгі күні әсіресе іскерлік климат пен отандық кәсіпкерлікті жақсартудың тың шаралары қажет. Сондықтан да бизнесті тексеру жүйесін оңтайландырып, ол «Бақылау-қадағалау қызметі туралы» заң аясында қамтылуы қажет», деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ Президент тексеру органдарының шағын және орта бизнесті тексерулер арқылы тұншықтырмауын, қайта ондай мәселені заң жүзінде реттеудің маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар