+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 6%-бен 24 мың микрокредит беріледі

2021 жылғы 4 мамыр 10:25
Бөлісіңіз:
Шағын және орта бизнес өкілдеріне 6%-бен 24 мың микрокредит беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші жартыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Ashyq жобасына қосылған кафе-дәмханалардың жұмыс уақыты өзгерді Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды Шығыс Қазақстанда 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

«Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында бизнесті микрокредиттеудің жаңа бағыты басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына 5 млн-ға дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн-ға дейін кредиттер беріледі», - дей келе, министр 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріліп жатқанын атады.

Әсет Ерғалиев жылдық мөлшерлемесі 6% болатын мұндай бюджеттік микрокредиттер «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қалаларда да, ауылдарда да беріліп жатқанын еске салды.

«Екінші жартыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады. Бұл микрокредиттер «Бастау-Бизнес» түлектеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы құратын Микроқаржы ұйымы арқылы берілетін болады. Жыл қорытындысы бойынша аталған бағдарламалар шеңберінде 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеумен қамту жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT