Шағын және орта бизнес: 2 мың жоба қайта қаржыландырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес кредиттерін қайта қаржыландыруға 132 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында осындай мәлімет берді.

«Экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес кредиттерін қайта қаржыландыру шеңберінде қолдау көрсетілуде. 2020 жылғы 15 наурыз бен 2021 жылғы 15 наурыз аралығында 475 млрд теңге сомасына 9 мыңға жуық жобаны қайта қаржыландыру үшін субсидиялар берілді», - деген министр биыл аталған тізбеге кіретін қызмет түрлерінің саны 145-ке көбейтілгенін атап өтті.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2 мың жоба бойынша 132 млрд теңге кредиттік портфельге субсидия төленеді.

«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен секторларында несиелерді жеңілдетілген түрде қайта қаржыландыру, мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырды. Осы жұмыс аясында 93 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші анықталды. 425,5 млрд. теңге несие сомасына 6,7 мыңнан астам жобаны қамту жоспарлануда», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар