Шағын және орта бизнес 1 жылға мүлік салығынан босатылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес 1 жылға мүлік салығынан босатылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында орта бизнеске кредит сомасын 1 млрд теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Ол бойынша 50 пайыз мөлшерінде кепілдендіру беріледі микро және шағын бизнес үшін 85 пайызға дейін кепілдік берумен кредит сомасын 360 млн теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Жалпы кепілдік беру тетігі оңайлатылады«, - деді кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары жайында баяндаған министр.

Руслан Дәленовтің айтуынша, ағымдағы кезеңде орта бизнесті тексерудің санын төмендету ұсынылады. Қазіргі уақытта, микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий қолданылу үстінде.

»Шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандырулар көзделеді. Бұл - ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт нысандары. Бұл санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін бір жылғы мерзіміне мүлік салығынан босату, бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату. 3-ші тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру ұсынылады«, - деді ол.


Соңғы жаңалықтар