Шағын несие ұйымдары банктерге бәсекелес бола бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Микронарықтардың макромүмкіндіктері» атты микро қаржы ұйымдарының алғашқы форумы өтті. Жиынға Қазақстанда тіркелген 100 МҚҰ өкілдері, сарапшылар, экономистер қатысты.

«Біздің сараптамамызға сәйкес, МҚҰ нарығы кейбір нарықтық сегментте екінші деңгейлі банктерге жақсы бәсекелес бола алады. Несие өнімдеріне, мемлекеттік қолдау құралдарына деген сұраныс артып келеді. Сондай-ақ, онлайн-несиелендірумен айналысатын 20 шақты компаниямен тығыз жұмыс жасап келеміз. Бұл ұйымдар 150-200 мың көлемінде несие беру сегментінде үлкен рөл ойнайды», - деді Алғашқы несие бюросы бас директоры Руслан Омаров.

Орталық сарапшыларының айтуынша, қазіргі таңда МҚҰ несиелік портфелі 44,3 млрд теңге болып отыр.

2011 жылдан бері жеке кәсіпкерлерді қолдауға 32,2 млрд теңге, ал заңды тұлғаларды қолдауға 12,1 млрд теңге бағытталған.

2014 жылдан бері нарық қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, Мирко қаржы ұйымдары ұйымдары ШОБ-ты қолдауға басымдық береді.

«Әрине, портфелдің өсуіне қарай қайтарылмайтын несиенің де көрсеткіші артуда. NPL (төлеу мерзімі асып кеткен кредит) көлемі 2015 жылдың соңында 9,9 пайыз болса, бұл өткен жылғымен салыстырғанда екі есе көп. Ал заңды тұлғаларды қаржыландыруда да нашар несиенің көрсеткіші 10,2 пайыз болды», - деді Р.Омаров.

Қазіргі таңда шағын несие ұйымдары Оңтүстік Қазақстан,  Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында қарқынды жұмыс жасап келеді.  

Соңғы жаңалықтар