Шағын несие беру тәртібі өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаржы реттеушісі Шағын несие ұйымдарының жұмысына жаңа тәртіп енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді қаржылық ұйым мен клиент арасындағы сотқа дейінгі реттеу процедурасы қолға алынады.

«Микроқаржылық ұйым ендігі кезекте төленетін несие мерзімі өтіп бара жатқанын 15 күн бұрын құлақтандыруға міндеттеледі. Қарыз алушы ұйымға келіп 30 күнтізбелік күн ішінде төленбеген несиесін реттеуге өтінім бере алады», - деді Қаржылық нарықты дамыту және реттеу агенттігінен.

Қарыз алушыдан жауап болмаған жағдайда шағын несие ұйымы борышкерден нотариустың атқару жазбасымен борышты өндіруге құқылы.

Жаңа өзгерістер несиені рәсімдеуді жеңілдетті.

Енді рәсімдеу кезінде несиені төлеу графигінде қосымша ақпарат жарияланатын болады.

Жаңа ережелерге сәйкес, келісімшарттың титулды бетінде келісім шарт уақыты, шағын несие сомасы, пайыздық мөлшерлемесі, тағы басқа шарттары жазылады.

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады .


Соңғы жаңалықтар