Шағын кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейін тұжырымдамасы әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейін тұжырымдамасы әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында мәлім етті. Айтуынша, бұл процесс 2023 жылға дейін жалғасады

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру үшін реттеуші мемлекеттік органдарға мынадай міндеттер жүктелмек:

өз құзыреті шегінде реформаны іске асыруға «таза парақтан» жобасына жауапкершілікпен қарау;

реттеушілік талаптарды қайта қарау жөніндегі жұмысқа салалық сарапшыларды белсенді тарту;

осы жұмысқа жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларын айқындау.

«Тұтастай алғанда, «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жұмыс жоспар-кесте шеңберінде одан әрі жалғастырылып, тұрақты бақылауда болады.

Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 8-ші съезінде шағын және орта кәсіпкерліктің 2030 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын айқындау міндетін қойды.

Осы тапсырманы орындау үшін ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Бұл үшін құжатта өсу әлеуеті бар ШОК-қа басым қолдау көрсетуге бағытталған саланы дамыту тәсілдері қалыптастырылған», - деді Тимур Жақсылықов.

Айтуынша, әзірленген тәсілдерді іске асыру мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады:

- кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ынталандыру;

- фискалдық парасаттылықты көтермелеу, көлеңкеден шығуға ықпал ету;

- ШОК бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне жәрдемдесу.

ШОК-ты дамыту тәсілдері пирамида қағидаты бойынша құрылады және Қазақстан Республикасында ШОК-ты дамыту проблемаларын шешуге бағытталған мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:

1) кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ететін институционалдық орта құру;

2) бизнес-ахуал мен бизнес-ортаға әсер ететін кәсіпкерлік қызметті реттеуді дамыту;

3) мемлекеттік қолдау шаралары құрылымының тиімділігін қамтамасыз ету.

Аталған шарада Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атаған болатын.


Соңғы жаңалықтар