Шағын футболдан Қазақстанның ерлер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Шағын футбол қауымдастығының президенті Эмиль Алиев Қазақстан құрамасы желтоқсан айында иранда өтетін «Каспий кубогы» халықаралық турниріне қатысатын командалар тізімінде екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қараша айының басында Тәжікстанда жолдастық кездесулер өткіземіз. Ал желтоқсан айында Иранда Каспий кубогы өтеді. Оған Ресей, Иран, Қазақстан және Әзербайжан елдерінің құрама командалары қатысады» деген Эмиль Алиевтің сөзін келтірді ТАСС.

Соңғы жаңалықтар