+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін ел бюджеті 200 млрд теңгеден қағылады

2019 жылғы 10 қыркүйек 11:55
Бөлісіңіз:
Шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін ел бюджеті 200 млрд теңгеден қағылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Микро және шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін ел бюджеті 200 млрд теңгеден қағылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Топ-30 экономикасына кіру үшін жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі қажет- Руслан Дәленов Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді ЕАЭО аясында Қазақстан жаңа экспорттық бағыттарды ашты – «Атамекен» ҰКП

«Мемлекет басшысы Жолдауында микро және шағын бизнес субъектілерінің барлық кәсіпорындарын табыс салығынан босату туралы тапсырма берген болатын. Микро бизнес дегеніміз салық заңнамасына сәйкес 15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 АЕК-ті құрайтын немесе жылына шамамен 76 млн теңге болатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ал оның айтуынша, шағын бизнеске 100 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 300 АЕК-ке дейінгі ұйымдар кіреді.

«Бұл ұйымдар мен жеке ұйымдар табыс салығынан босатылады. Олар жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы. Толықтай алғанда, өткен жылы микро және шағын бизнестен бюджетке мұндай табыс салығы шамамен 190 млрд теңге мөлшерінде түскен болатын. Егер біз мұндай компаниялар мен жеке кәсіпкерлерді аталған салықтардан босататын болсақ, онда 2020 жылы бюджет шығыны 200 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Дегенмен, бұл шығындарды салықтық, кедендік әкімшілеуді жақсарту есебінен қайтаруды жоспарлап отырмыз», - деді Ә.Смайылов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT