«Шабыт» фестивалінде Шерхан Мұртаза атындағы арнаулы сыйлық табысталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХХІ халықаралық өнер байқауының арнаулы жүлдесі «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісіне бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқаудың шарты бойынша бірінші кезеңде Астана туралы мақала жазып жібердім. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, екінші кезеңге жолдама алдым. Екінші кезеңнің тапсырмасы «Шабыт» фестивалі туралы шығарма жазу. Оданда өтіп нәтижесінде Шерағамыздың құрметіне арналған сыйлықты жеңіп алдым, жас журналист ретінде мен үшін бұл үлкен жетістік. Жалпы Шер ағамыздың шығармашылығын оқушы күнімнен жаныма жақын тұтамын, оның ішінде әрине «Қызыл жебе» туындысының орны бөлек», - деді жеңімпаз, «Айқын» республикалық газетінің тілшісі Динара Тілеубек.

Айта кетейік, «Шабыт» халықаралық фестивалінде араға бірнеше жылдар салып биыл «Журналистика» номинациясы қайта тағайындалды. Аталған сала бойынша байқауға барлық саны 48 жұмыс келіп түсті. Аталған сала бойынша әділқазылар алқасының шешімімен Шерхан Мұртазаның құрметіне арнаулы сыйлық тағайындалды. Ал, жарыстың жүлдесіне келсек, басты сыйлық - Президент кобугы, 10 Гран-при, сондай-ақ 13 І, ІІ және ІІІ орындар және 15 атаулы сыйлық табыс етілді.

Халықаралық өнер бәсекесінде жалпы саны 345 үміткер бағын сынады, тек қана Астананың өзінен 163 үміткер қатысты, одан бөлек Әзербайжан, Беларусь, Башқұртстан, Грузия, Израиль, Қырғызстан, Ресей, Украина және Өзбекстан елдерінің өнерпаздары қатысты. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, халықаралық «Шабыт» фестивалінің Президент кубогін «Классикалық музыка» номинациясы бойынша қатысқан елордалық Ислам Әлиев иеленді.

 

Соңғы жаңалықтар