Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімдері Мәскеуде

None
None
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының картиналарын Мәскеуде Ресейлік кино қорымен Red Square Screenings халықаралық киноиндустриясының хас-шеберлері үшін ұйымдастырылған ауқымды көрсетілімдер аясында ұсынылады.

Бұл туралы Қазақфильмнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жетекші шетелдік дистрибуторлар, sales-агенттіктер, халықаралық баспасөз және фестивальдік іріктеушілер үшін Ресей және ТМД елдерінің жаңа киножобаларының көрсетілімі өткізілетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара 15-20 қазан аралығында өтеді. Red Square Screenings қатысушылары шараның серіктестері - Украина мен Қазақстанның жаңа фильмдерімен танысады. Кинобайқауда Украинаны Кинематография мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Екатерина Копылова, Қазақстанды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев таныстыратын болады.

Шара аясында киностудияның соңғы жылдары түсірген фильмдері көрсетіледі:

1. «Жаужүрек мың бала», режиссері Ақан Сатаев;

2. «Ликвидатор», режиссері Ақан Сатаев;

3. «А-ға оралу», режиссері Андрей Михалков-Кончаловский;

4. «Сырлы орман», режиссері Ахат Ыбыраев;

5. «Виртуалды махаббат», режиссері Әмір Қарақұлов.

Көрсетілім үшін таңдалған барлық картиналар соңғы жылдары түсірілген басқа да жүздеген ресейлік фильмдермен бірге видеокітапханада іс-шара өткізілетін күндері және жыл бойы онлайн режімінде қолжетімді болады.

Іс-шараның жұмысы туралы кино жөнінде қалам тербейтін жетекші әлемдік басылымдар: Variety, Screen International, The Hollywood Reporter, Filmbulletin және тағы басқаларының өкілдері ақпарат тарататын болады.

Соңғы жаңалықтар