Сейсмологтар жер дүмпуі неге соққыдай сезілгенін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сейсмология институтының директоры Ануар Боранбаев Алматыда болған жер сілкінісі неліктен соққы тигендей әсер қалдырғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жер сілкінісі екі кезеңнен тұрады. Жер қыртысының соғылуынан П толқын дүмпу ретінде пайда болса, артынан С толқын жан-жаққа таралады.

«Бүгін Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды. Сондықтан П толқыны болғанмен, С толқынының тарауы болған жоқ. Бұл жағдайда жер сілкінісінің ошағы қалада болғандықтан, вертикалды дүмпу болды деп айтамыз»,- деді Ануар Боранбаев.

Оның айтуына қарағанда, Алматыда қала территориясында соңғы 18 жылда 23 жер сілкінісі тіркелген. Бірақ бұл жер сілкіністердің көпшілігін тұрғындар сезінбеген.  2010 жылы Орбита шағын ауданында болған жер сілкінісін тұрғындар сезді.

Сейсмологиялық белсенді аймаққа жататын  Алматы мен Алматы облысы үшін жер сілкінісі қалыпты жағдай дейді маман.

Айта кетейік, 2017 жылы қарашада өткен конференция барысында ҚР ҰҒА академигі, Сейсмология институтының лабораториясының меңгерушісі Әбдірахман Курскеев биыл Алматыда жер сілкінісіне қатысты болжам айтқан болатын.

Еске салсақ, ҚР БҒМ ҒК Сеймологиялық тәжірибе-эәдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі 15:20:44 уақытта жерасты дүмпулерін тіркеген болатын.

Сондай-ақ, қала тұрғындары әлеуметтік желілерде биылғы жер сілкінісінің вертикалды қозғалыс әсер қалдырғаны туралы да айтты.

Соңғы жаңалықтар