Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қар түрінде. Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.


Соңғы жаңалықтар