Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атлантикалық циклонның әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында қар жауады. Қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, түнде 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Ақмола, күндіз Павлодар облыстарында – кей жерлерде жаяу бұрқасын, 15-20 м/с желдің күшейюі күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл аймағында 17-22 м/с желдің күшейюі күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с,
Жарма аймағында екпіні 23 м/с күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы облысында түнде қатты аяз күтіледі.


Соңғы жаңалықтар