Сейсенбіде СҚО-да күшті жел соғып, бұршақ жауады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Петропавл қаласында 6 тамыз күні найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар