Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыс, солтүстік-батыста және орталық Қазақстанда күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшеюі ықтимал.

Алматы облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 17-22 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 28 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел күшейіп 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде - көктайғақ болуы ықтимал, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар