Сейсенбіде еліміздің 3 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 9 қазан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырау мен Талдықорғанда метеожағдайлар ауа сапасының төмендеуіне әсер етеді. Ал Қарағандыда ауаға зиянды заттар шоғырланады. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар