05:00, 29 Қыркүйек 2020 | GMT +6
Сейсенбі күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мамандары 29 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметінше , сейсенбі күні еліміздің үш қаласында - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.
Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.