+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Сейсенбі күні ауа райы қандай болады

2020 жылғы 28 қаңтар 06:30
Бөлісіңіз:
Сейсенбі күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да боран соғып тұр: 37 адам қар құрсауынан шығарылды Қарағанды облысында қар басқан 6 жолды тазартып жатыр Ерейментау ауданында қар құрсауында қалған адамдар құтқару арқанымен эвакуацияланды

Қазақстанның басым бөлігі циклон жырасының әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте желдің екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Кызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Солтүтік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT