Сейфтегі 56 млн теңгені ұрлаған үй қызметшісі ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы пәтер иесінің 56 млн теңгені ұрлаған күдікті әйел екі айдан соң Шымкент қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 28 наурызда сағат 00:22-де Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны «102» операторына шағым түсірген.

«Шағымданушы 26-28 наурыз аралығында белгісіз адамдар пәтерге еркін кіріп, сейфтен 56 млн теңгесін жымқырғанын айтқан еді. Осы қылмысқа қатысты Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, 27 наурызда жәбірленушінің пәтерінен қомақты ақша ұрлауға күдікті ретінде үй қызметшісі болып жұмыс істеген 1979 жылы туған әйелді анықтаған. Күдікті Шымкен қаласында ұсталған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар