Сеулден келген кәріс Қазақстанда Ислам дінін қабылдады

None
None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - ҚМДБ мәліметіне қарағанда, жақында көне Тараз шаһарындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде елеулі оқиға болды.

Дина есімді қазақ қызымен отбасын құруға ниет білдірген Оңтүстік Корея азаматы - Ку Ён Чу мырза қазақ еліне арнайы ат басын тіреген екен. Мұсылман қызбен үйлену үшін күйеу жігітке әуелі Ислам дінін қабылдау керектігі  түсіндірілген көрінеді.

«Мен сонау Корей елінен Исламша некемізді қидыру үшін келдім. Болашақ жұбайымның талабы осындай болды», - деді Ку Ён Чу.

«Ку Ён Чу мырза «Һибатулла Тарази» мешітінде өз еркімен Ислам дінін қабылдап, артынша жас жұбайлардың мұсылманша ақ некесі қиылды, мешіт тарапынан естелікке неке куәлігі табыс етілді. Неке суын ішу де ұмыт қалған жоқ. Кәрістің Алла үйіне қазақы салт-дәстүрді құрметтеп шапан-бөркін киіп келгеніне шынында дән риза болдық. Қарындасымыз да дәстүрден аттамаған тәрбиелі жан екен. Басында сәукелесі, үстінде қамзолы, нағыз шариғат талаптарына сай киінген. Жалпы, Динаның Кореяда қызмет етіп жатқанына біраз жыл болыпты. Екі жас отбасын құруға сол жақта сөз байласыпты. Күйеу бала Исламды қабылдамаққа сол жақтан-ақ әбден дайындалып келген екен. Біз оған Ислам діні жайында кеңінен мағлұмат бердік»,-деліген бұл мәліметтерде.

Жанында екі-үш кәріс жігіті бар. Олар сонымен бірге Қазақстандағы тарихи, мәдени орындар, қасиетті жерлер жайлы деректі фильм түсіруді де мақсат тұтыпты. Неке соңында Ку мырзаға Сеул орталық мешітінің Бас имамы Абду Рахманмен (Ли Жу Хуа) жолығып Ислам діні жайлы кеңірек мәлімет алуына кеңес берілген екен. Ол Алла қаласа міндетті түрде баратынын айтып уәде берді.

Соңғы жаңалықтар