Сеулдегі оқиға кезінде 350-ден астам адамның із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарлама түскен

None
СЕУЛ. YONHAP – ҚазАқпарат - Сеул үкіметі жексенбі күні Итхэвон ауданында Хэллоуин мерекесін тойлау кешінде болған қайғылы жағдайға байланысты 355 адамның жоғалғаны туралы хабарлама алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, сенбі күні кешке Хэллоуин мерекесін тойлау үшін тар көшеде көп адам жиналып, сығылысуының салдарынан кемінде 151 адам қаза тауып, тағы 82 адам зардап шекті.

Қала билігі Хэллоуин мерекесіндегі оқиғадан кейін із-түзсіз жоғалғандар туралы хабарлама алып, оларды полицияға тапсырып отырғанын мәлімдеді.

«Мереке кезінде қаза болғандардың отбасыларына қолдау көрсету үшін шамамен 50 ауруханаға 60-қа жуық қызметкер жіберілді. Қаза болғандардың көбі – жасөспірімдер»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Сеулдегі Сеулде Хэллоуин мерекесінде 120-дан астам адамның қаза тапқанын жаздық.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жаияланды.

ҰР Сыртқы істер министрлігі Сеулде қаза болғандардың арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ деп мәлімдеді.



Фото: ВВС





Соңғы жаңалықтар