Сеулде Орталық Азия елдерінің мәселесі талқыланбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қарашада Сеулде Орталық Азия мен Корея Республикасы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның сыртқы саясат ведомствосынан белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жиынға дайындық үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан министрліктері мен ведомстволарынан 5 өкілден шақырылған.

Біздің елден оған Энергетика және ауыл шаруашылық министрлігінің қызметкерлері қатысуда. Қонақтарға экологияны жақсарту бойынша ноу-хау көрсетіліп, қазақстандықтар орталық-азиялық әріптестермен бірге қоқысты қайта өңдеу алаңын көрді. Мұнда Сеулден күн сайын 18 мың тұрмыстық қоқыс әкелінеді. Олар тиісінше бөлшектеліп тазартылады. Сөйтіп, ауыз су, мал азығы және қалалық автобустар пайдаланатын газ сияқты заттар алынады. Осымен қатар делегациялар экологиялық зерттеулер жөніндегі ұлттық институтта болды. Бұл мекеме ауаға зиянды қалдықтар шығармайтын және күн батареялары арқылы өзін электрмен қамтамасыз ететін ғимаратта орналасқан.

«Сеулдегі 5 мемлекет Сыртқы істер министрлері кездесуінің басты тақырыбы - су қорларын тиімді пайдалану және Арал теңізін құтқару. Сондықтан суды тазарту бойынша ноу-хаумен таныстыру үшін осы саланың мамандарын шақырдық. Сондай-ақ біз Орталық Азия елдері өкілдері корейлік әріптестерімен танысып, тәжірибе алмасса деп едік», - деді Орталық Азия ынтымақтастығы форумы хатшылығының атқарушы директоры Ким Сонг Ин.

Соңғы жаңалықтар