Сеулде OANA Бас ассамблеясының XVII отырысы өтіп жатыр

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Сеулде Азия-Тынық мұхиты аймағының басты жаңалық агенттіктері басшыларының екі күндік конференциясы басталды. Шараға қатысушылар медиакеңістікті өзгерту және өзара тәжірибе алмасу мен әріптестікті ілгерілету мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Yonhap-қа сілтеме жасап.

28 елдің 32 агенттігінің, оның ішінде бақылаушы компаниялардың өкілдері Сеул орталығында OANA (Азия-Тынық мұхиты аймағының жаңалықтар агенттігі ұйымы) Бас ассамблеясының 17-ші отырысына қатысу үшін Lotte Hotel-де бас қосты.

OANA 1961 жылы UNESCO бастамасымен өңірде жаңалықтар алмасуын ілгерілету мақсатында құрылды. Бас ассамблеяның отырысы әр үш жыл сайын өткізіледі. Қазір 35 елдің 43 жаңалықтар агенттігі OANA–ға мүше. Олардың қатарында Yonhap (Оңтүстік Корея), Xinhua (Қытай), Kyodo (Жапония) және ТАСС (Ресей) бар. Солтүстіккореялық Орталық жаңалықтар агенттігі де осы ұйымға мүше, алайда бұл жылы конференцияға қатыспайды. Конференцияның тақырыбы - «Журналистикадағы жаңа сын-қатерлер: технологиялық инновациялар және сенім мәселелері».

«Бүкіл әлем бойынша жаңалықтар агенттіктері жаңа мүмкіндіктерге айналуы ықтимал теңдесі жоқ сын-қатерлерге тап болып жатады. Жасанды интеллект, виртуал кеңістік және компьютерлік сауат редакцияның бөлшегіне айналды, өйткені технологиялар өте жылдам алға кетіп барады», – деді «YONHAP» агенттік басшысы Чо Сунг Бу (Cho Sung-boo) конференция қатысушыларына.

«Біз үнемі жаңа формада жаңа контент жасауға мәжбүрміз. Мәселе біз қандай жаңалық таратуда емес, оның қалай тарату керектігінде. Мұның қиындығы барлығы бір мезетте істелуі керектігінде», - деді ол.

«Түрлі арналар арқылы ақпарат ағыны тез тарайтын уақытта, жаңалықтар агенттіктерінің миссиясы қиындп барады. Әлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар ұсынатын мүмкіндіктер біз үшін ғана емес, қалған барлығы үшін де ашық. Өз кезегінде, бұл жаңалық арналары санының жылдам өсуіне әкеледі, бұл бізге әсер етпей қоймайды», – деді OANA президенті Аслан Асанов.

Ол АЗЕРТАДЖ Әзербайжан жаңалықтар агенттігінің басқарма басшысы. Мәдениет, спорт және туризм министрі Пак Ян Ву-дың (Park Yang-woo) айтуынша, сенімді және шынайы репортаждар жасауға, қоғамдық сенімді жеңуге ұмтылу-бұл әлемдік қауымдастықтың елге немесе қоғамға қарамастан салауатты және үйлесімді түрде алға ұмтылуы.

Пак Ян Ву Сеулдегі OANA Бас Ассамблеясының отырысы баспасөздің медиа-ортадағы рөлін ғана емес, сонымен қатар бұрмаланған ақпаратты еңсеру жолдарын бірлесіп талқылау үшін жақсы мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бас Ассамблеяда алғаш рет Yonhap агенттігі алдағы үш жылға OANA-ға төрағалық етуді ресми түрде қабылдайтын болады. Оңтүстік Кореялық агенттік 77 елдің 89 жаңалық агенттігімен ынтымақтастық орнатқан. Агенттіктің тілшілер қосыны 25 елде жұмыс істейді. Агенттіктің жаңалық материалдары 6 тілде, оның ішінде ағылшын, қытай, жапон, араб тілдерінде тарайды.

Еске сала кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА да OANA ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар