Сеулде Астана туралы көрме өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Корея елінде Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналған «Астана - Ұлы дала қазынасы» атты көрме ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Korea Foundation» ғимаратында Сеул тұрғындары мен қонақтарына  Қазақстанның кең өлкесінің суреттері ұсынылды. Мұндағы басты экспозиция - Астана.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Кореялық «Korea Foundation» қоры  арасында серіктестік меморандумға қол қойылды. Экспозицияға Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахыт Дүйсенбаев қатысты.

null 

«Қорда ғылыми білімдік, мәдени ағартушылық салаға басымдық берілген. Сондай-ақ, екі елдің күш біріктіруіне бағытталған жобалар бар. Халықаралық дискуссия алаңына ретінде Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат инстутының Астана клубы бекітілген»,-деді аталған Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Көрме қонақтары Қазақстанның қоғам, саясат, мәдениет қайраткерлерімен танысты. Қазақстанның ұлттық мереке күндері туралы ақпарат алып, ұлттық дәстүрінен мағлұмат алды. Сондай-ақ, республикалық саяжайлар мен  қорықтарды тамашалады. Саджана Мұрзалиеваның қобызда ойнаған  шығармасы  атмосфераны айшықтай түсіп, көрерменнің Қазақстанды жете тануына мүмкіндік берді. 

Кеш соңында келушілерге Астана 20 жылдығына арналған альбом таратылды. «Астана - Ұлы дала қазынасы» көрмесі Сеулде 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

null null null null null null null  null 

Соңғы жаңалықтар