Сеулде Арыста зардап шеккендерді қолдау акциясы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 маусымда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғаның салдарынан зардап шеккен отандастарымызды қолдау мақсатында арнайы флеш-моб ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Оңтүстік Кореядағы Қазақстандық диаспораның өкілдері зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіп, «Арыспен біргеміз!» «Арысь, мы с вами!» «Еліме амандық, жұртыма тыныштық!» жазулары бар плакаттар, жалаулар мен үндеулер дайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерімен бірге Арыстағы зардап шеккен отбасылар үшін ерікті түрде ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Аталған акция азаматтардың жағымды көңіл-күйін және олардың төтенше жағдайлар алдындағы ұйымшылдығын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар