Сеул тұрғындарының саны соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет 10 млн-нан азайды

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Сеул тұрғындарының саны 30 жыл ішінде алғаш рет 10 миллион адамнан азайды. Бұл туралы сәрсенбі күні қала үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Астана тұрғындарының жалпы саны былтырғы жылдың соңында 9 911 088 адам болған, оның 9 668 465-і ел азаматы болса 242 623-і -шетелдік, деп хабарлады жергілікті үкімет Ішкі істер және Әділет министрліктерінің дерегіне сілтеме жасап.

1988 жылы Сеул тұрғындарының саны 10 миллионнан асқан болатын, содан бері алғаш рет бұл көрсеткіштен төмендеп отыр.

Жергілікті үкіметтің хабарлауынша, Оңтүстік Корея астанасында сол жылы 10,29 миллион адам тұрды, 1992 жылы ең жоғары көрсеткіш – 10,97 миллион тұрғын тіркелді.

Былтыр Сеул тұрғындарының саны 2019 жылмен салыстырғанда 99 895 адамға немесе 1 пайызға кеміді, оның ішінде Оңтүстік Корея тұрғындары 60 642 болса, шетел азаматтарының саны – 39 253 адам.

Сеулдің демография үрдісінен қартайып бара жатқан қоғамды байқауға болады.

Былтыр 0-4 жас аралығындағы Сеул тұрғындарының саны бірден 10,26 пайызға азайып кетті, ал 85-89 жас аралығындағы тұрғындар саны керісінше 11,42 пайызға артты.

Айта кеткен жөн, Сеул тұрғындарының орташа жасы 42,7-ден 43,2-ге көтерілді.


Соңғы жаңалықтар