+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Сеул оркестрі Қазақстан мен Кореяның құрметіне концерт берді

2019 жылғы 25 тамыз 16:00
Бөлісіңіз:
Сеул оркестрі Қазақстан мен Кореяның құрметіне концерт берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сеул қалалық дәстүрлі музыка оркестрі Нұр-Сұлтан қаласында Корея мен Қазақстанның стратегиялық ынтымақтастығына 10 жыл толуына орай концерт берді, деп хбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға шақырды Қазақстан мен Кореяның жан-жақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды Къелл Бондевик: Мен үшін  Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аса перспективті

Музыканттар біздің елге алғаш рет келіп тұрған жоқ. 2017 жылдың қыркүйегінде олар Қазақстанда кәрістердің тұрып жатқанына 80 жыл толуы құрметіне гала-концерт берген. 1965 жылы негізі қаланған Кореядағы тұңғыш дәстүрлі музыка оркестрі дәстүрлі корей музыкасына жаңа леп беруге тырысып жатыр.



Оркестр тек дәстүрлі аспаптарда ойнайды. Ұжым Азия мен Еуропада екі мың реттен астам өнер көрсеткен. Нұр-Сұлтандағы Корея елшісі Ким Дэсик концертті аша отырып, жиналған қауымды осындай елеулі датамен құттықтап, топтың әртісіне жедел көмек көрсеткен дәрігерге алғыс айтты. Ол дәрігердің өз атының жасырын болғанын қалайтынын жеткізді.

«Дәрігердің арқасында біздің музыкант Сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алады», - деп атап өтті дипломат.

Концертті Қазақстан астанасындағы Корея мәдени орталығы ұйымдастырды.




Автор: Дамир Байменов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT