Сеул метросында пойыз рельстен шығып кетті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Сеулдегі метролардың бірінде пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:22 кезінде «Тобонсан» стансасына бағыт алған пойыз туннельге кірген кезінде Сеул метросының жетінші желісінде болған. Зардап шеккендер жайлы әзірше ешқандай ақпарат жоқ, оқиға орнында халықты эвакуациялау жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар