Сеул мен Пхеньян КХДР командасын Олимпиадаға кіргізу мәселесін талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин үкіметке КХДР-мен оның құрама командасын Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына кіргізу мүмкіндіктерін талқылауды тапсырып, Ким Чен Ынның осы бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан тыс, Корея Республикасының билік өкілдері Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарды жақсартудың аса қажет екенін, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы диалогтарды «өтетін уақытынан, орнынан және мәнерінен тыс» қайта жандандыруға қызу дайындық жүргізіп отырғанын мәлімдеді.

Еске сала кетелік, дүйсенбі күні жаңажылдық жолдауында КХДР мемлекет басшысы Ким Чен Ын ел құрама командасын Олимпиадаға жіберуге ниетті екенін айтып, Корея Республикасымен өзара қарым-қатынастарды жақсарту қажеттігін мәлімдеген болатын.

КХДР Олимпиадаға қатысу үшін өтініш берілетін соңғы мерзімнен кеш қалды. Дегенмен қаңтардың ортасына дейін өз спортшыларын жіберуге қосымша мүмкіндігі бар. 

Соңғы жаңалықтар