«Серпінге» бөлінген грант саны артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің оранбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депуттары М. Ахметов пен Е. Бейсенбаевтың «Серпін» бағдарламасына қатысты жолдаған сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2014 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасын орындау үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, «Серпін» жүзеге асыруда. Жоба Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан сияқты 9 облыстың 26 жоғары оқу орындарында іске асырылуда. Кадрларды даярлау педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Ауыл жастарын қабылдау квотасы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 10%-ды құрайды», - деп жазылған вице-премьердің жауабында .

Ералы Тоғжанов депутаттарға берген жауабында «Серпінге» бөлінетін граттардың саны жыл сайын көбейе түсетінін айтқан.

«2021-2024 жылдары «Серпін» бағдарламасы бойынша кадр даярлауға 20 624 грант көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында «Серпін» бағдарламасына мемлекеттік тапсырыс 2025 жылға қарай даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша тағы 2000 грантқа ұлғайтылады. Осылайша, министрлік жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен келесі үш оқу жылына 10% квота бөлу жөніндегі міндеттемені қамтамасыз етті», - делінген Премиьер-Министрдің орынбасары берген жауапта.

Ералы Тоғдановтың сөзіне қарағанда, 2020 жылы «Серпін» жобасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2 653 адам оқуды аяқтаған. Оның ішінде өңірде 1566 адам немесе 59% жұмысқа орналастқан.

«Серпін» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2018-2021 жылдар аралығында 7707 адам оқуды аяқтады. Оның ішінде 5526 адам жұмысқа орналастырылды (71,7%). 2018-2019 оқу жылына 931 адам бітірді, оның ішінде 875 адам жұмысқа орналастырылды (93,9%). 2019-2020 оқу жылына бітіру - 4123 адам, оның ішінде 3238 адам жұмысқа орналастырылды (78,5%). 2020-2021 оқу жылында 2653 адам бітірді, оның ішінде 1413 адам жұмысқа орналастырылды (53,2%). Жоба түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», - дейді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар