«Серпін» бағдарламасы арқылы СҚО-ға оңтүстіктен 7 жылда 2 мыңнан аса жас келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Серпін» бағдарламасы арқылы Солтүстік қазақстан облысына еліміздің оңтүстік өңірлрінен 7 жылда 2 мыңнан аса қыз-жігіт келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәліметтерді бүгін өзінің Facebook -тағы парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жазды.

«Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бері облыста «Серпін» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы әлеуметтік-саяси маңызы бар жобалардың бірі.⠀7 жылда өңірге оңтүстік облыстардан 2 мыңнан аса қыз-жігіт келді. Олар жатақханамен қамтамасыз етілді, тегін әрі сапалы білім алап жытар. Бүгінде 1 мыңға жуық бала диплом алды. Серпіндіктерді еңбекпен қамту үшін көмек көрсетіледі. Университет түлектерінің 92%-і облыста қалып, жұмысқа тұрды»,-деді облыс әкімін.

Ол келтірген деректерге қарағанда, мысалы, биылғы жылдың түлектері өңірде жаңа ашылып жатқан кәсіпорындарға да жұмысқа орналасып жатыр. Жаңа электртехникалық зауытына 31 серпіндік жұмысқа алынды. 4 түлек «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасы зауытына қабылданды. Түлектер ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, білім беру, темір жол салаларының дамуына өз үлестерін қосуда.

«Серпіндіктердің облыста қалып, елге қызмет етуіне бар жағдай жасалған. «Серпін» түлектері солтүстікте шаңырақ көтеріп, отбасы құрып жатыр. Жас жанұяларда 10 кішкентай азамат дүниеге келді»,-дейді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар