Серпін бағдарламасы арқасында отбасы құрғандар бар ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Нұр Отан" партиясының бас кеңсесінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі арнайы комиссияның отырысында қаралды.

Жиын барысында білім беру ұйымдарының "Serpin" ұлттық қауымдастығының төрағасы Мұрат Әбенов "Серпін - 2050" бағдарламасы аясында отау құрған жастар жайында айтып берді.

Айта кеткен жөн, аталған бағдарлама аясында оңтүстік өңірлерінің жастарын солтүстік аймақтарда көптеп шоғырландыру шаралары қарастырылған. Ол үшін білім және ғылым министрлігі жыл сайын мыңдаған білім беру гранттарын бөліп отырады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз мына бір мәселені байқадық, бағдарлама аясында оңтүстіктен солтүстікке барып, оқуға түскен жастар 1-2 курстан өтсе болды, ары қарай бейімделіп кете береді. Алғашқыда сан алуан кикілжіңдер болады. Ол рас. Дегенмен, бірінші-екінші курстан кейін олар толығымен солтүстікке бейімделіп жатады",- дейді М.Әбенов.

Осы кезде комиссия төрағасы Бақтияр Мәкен: "Олардың арасынла отбасы құрғандар да бар шығар?",-деп сұрады.

«Иә, қазіргі кезде "Серпін" бағдарламасымен оқуға барғандар 8 отбасын құрды. 3 немереміз бар»,-дейді М.Әбенов. "Бір баланың атын Серпін деп қою қажет", - деп бастаған төрағаға М.Әбенов: "Онысын білмедім. Бірақ бір Мұрат бар",- деді.

 

Соңғы жаңалықтар