Серікжан Байбосынов: Мен өз таңдауымды жасадым

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Серікжан Байбосынов сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол жерлестерін азаматтық борышын орындауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласы Мұқанов көшесі, 3-ші үйде орналасқан №37 сайлау учаскесінде дауыс берушілер қатары қалың. Олардың арасында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Серікжан Байбосынов болып, азаматтық парызын орындады.

«Ата Заңмен бекітілген дауыс беру құқығымды пайдаланып, өз таңдауымды жасадым. Азаматтардың белсенділігі өте жоғары, өз сайлау аумағына түрлі себептермен жете алмай қалған азаматтар да өтініш жазып, дауыс беру құқығын пайдалануда. Пандемияға байланысты санитарлық талаптар да қатаң сақталған. Сайлау учаскесіне келіп жатқан азаматтардың көптігі саяси белсенділік пен мәдениеттің жоғарылап келе жатқанын білдірсе керек», - дейді Серікжан Байбосынов.


Соңғы жаңалықтар