Серікбай Трұмов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, комитет төрағасы депутаттардың арасынан, сенаторлардың ұсынысы бойынша сайланады. Осы орайда бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы лауазымға Серікбай Өтелгенұлы Трұмов ұсынылды. Ол осыған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, ал 2021 жылғы қыркүйектен бастап Сенат депутаты болды.

Ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданып, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазына Серікбай Трұмов бекітілді.

Бұған дейін хабарланғандай , осыған дейін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымын Ольга Перепечина атқарған еді. Бүгін палатаның жалпы отырысында ол аталған комитетті басқару қызметінен босатылып, Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.


Соңғы жаңалықтар