+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Серікбай Трұмов Сенат депутаты ретінде ант берді

2021 жылғы 16 қыркүйек 09:17
Бөлісіңіз:
Серікбай Трұмов Сенат депутаты ретінде ант берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан халқы алдында ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол жұмысшыдан басталған еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, сондай-ақ қала әрі облыс әкімі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, туған өңірінің өсіп өркендеуіне зор еңбегін сіңірді. Енді, біздің қатарымызға қосылып отыр», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда С.Трұмов депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді ол.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары С. Трұмовты Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің құрамына сайлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT