+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Серікбай Трұмов Сенат депутаты қызметіне тағайындалды

2021 жылғы 10 қыркүйек 11:16
Бөлісіңіз:
Серікбай Трұмов Сенат депутаты қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатор «Серпін-2050» бағдарламасының орындалу барысына алаңдаушылық білдірді Ақылбек Күрішбаев: ЖОО-лар студенттерге университетке «қаржы түсірудің көзі» деп қарайды Сенатта Балқаштың проблемалары көтерілді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтынан мәлім болды.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов1964 жылы дүниеге келді. Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында туған.

1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1981-1990 жылдары «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде бетоншы болып жұмыс істеген.

1990-1994 жылдары – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы.

1994-1995 жылдары – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы.

1995-2004 жылдары – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры.

2004-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

2012-2015 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі.

2015-2017 жылдары – Ақтау қаласының әкімі.

2017 жылы қараша айында 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты.

2019 жылдың маусым айынан бері Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып келді.

«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT