Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлығымен Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Нұрлан Ноғаев тағайындалды.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында туған. 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолы: 1981-1990 жылдары «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде бетоншы болып жұмыс істеген. 1990-1994 жылдары – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы. 1994-1995 жылдары – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы.1995-2004 жылдары – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры. 2004-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2012-2015 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі. 2015-2017 жылдары – Ақтау қаласының әкімі. 2017 жылы қараша айында 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты. 2019 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысының әкімі болып қызмет етті.

«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар