+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Серікбай Трұмов: Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстаудың әр тасын, әр төбесін қадірлейтін

2019 жылғы 12 қазан 18:07
Бөлісіңіз:
Серікбай Трұмов: Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстаудың әр тасын, әр төбесін қадірлейтін

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы аясында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Әбіш әлемі» театр фестивалі «Күй» туындысымен ашылды Алматылықтар Әбіш Кекілбайұлы музейіне ерекше фотоальбомды сыйға тартты

Республиканың түкпір-түкпірінен абыз жазушының 100-ге жуық замандасы жиналды.

Жиында сөз алған аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың айтуынша, ойдан, қырдан, алыстан, жақыннан ағылған ағайын, сан мың жылдықтарда біртуар тұлға өз Әбішін іздейді. Кездесуді аңсайды. Рухымен тілдеседі.

«Қазақтың дархан даласын толтырып тұрар халқым болса деймін, төбесі қарайған әрбір затқа қуанамын» деп армандаумен, қуанумен өмір сүрген Әбіш ағаның көкірек сарайы дария, пейілі неткен кең еді. Әдетте, біз көзі тірісінде халқына қалқан бола білген, бойындағы бар күш-қуаты, білім-білігі, қабілет-қарымын елінің болашағы үшін арнаған, атам қазақ рухын жалпы әлемге паш еткен кесекті ер екенін білеміз. Сіз бен біздің осынау мерейлі кезеңде бас қосудағы ұлы миссиямыз да сол ғибратты ғұмыр иесін ұлықтап, артына мирас еткен мұрасын қастерлеу болса керек«, - деді Серікбай Трұмов.

Өңір әкімі абыз жазушымен бірге сапарлас, дәмдес болып, жүздескен әр сәт қымбат тарихқа, құнды естелікке тең екенін айтты.

»Қазақтың кең даласын кеудесіне сыйғыза білген ағамыздың алып тұлғасы, болмыс-бітімі, жан-дүниесі өзі туған топыраққа ерекше жақын еді. «Енді мен дүниенің қай қырында жүрсем де осы жерді ұмытпайтын көрінем», деп өзі айтқандай, ата күлдік, алтын қазық - Туған жеріне деген мейірім, махаббаты шексіз еді. Көзі тірісінде талай елдің игі жақсыларын ертіп келіп, Маңғыстаудың әр тасын, әр төбесін қадірлейтін еді. Ерекше мақтанышпен, бағзы заманмен байланыстыра отырып, баяндай жөнелетін«, - дейді өңір басшысы.

С.Трұмов атап өткендей, Әбір Кекілбайұлы Елбасымен бірге жүріп, Тәуелсіз Қазақстанның іргесін бекітіп, мемлекетшілдіктің, саяси қайраткерліктің сындарлы үлгісін көрсете білді.

Ол сондай-ақ Маңғыстау өңіріне сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді жүктегенін еске алды.

Еске салайық, 10 қазан күні Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Ақтауда әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты. Сондай-ақ қаламгердің атындағы тарихи-өлкетану музейін аралап көрді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT