Серік Жұманғарин: Ресейге астық тасымалдау тарифін ешкім түсіргелі жатқан жоқ

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейге астық тасымалдау тарифін төмендету туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей тарапы астық тасымалының тарифін 40 пайыз түсіруді ұсынып отыр. Бұл Қазақстан үшін тым тиімсіз ұсыныс емес пе?», - деп сұрады журналист вице-премьерден.

Серік Жұманғарин ешкім тарифті ондай деңгейге түсіргелі жатпағанын айтты.

«Ешкім тасымалдың қандай да бір құнын төмендеткелі жатқан жоқ. Әзірге жалпы тауар тасымалы бойынша, қандай көлем туралы екені жөнінде ешқандай нақты ұсыныс жоқ. Кеше біз көптеген мәселені талқыладық. Инфрақұрылымды дамыту керек. Бізге теміржолдың жылжымалы құрамы, тасымал құрамы жетіспейді», - деді вице-Премьер.


Соңғы жаңалықтар